+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

СҚО-да жүк көлігі жылу құбырына соғылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалды

2021 жылғы 25 қыркүйек 19:41
Бөлісіңіз:
СҚО-да жүк көлігі жылу құбырына соғылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүк көлігі жылу құбырына соғылып, салдарынан бірнеше үйді жылудан ажыратуға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
23 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды Қызылорда облысында енесін ұрған келін 30 тәулікке қамалды

Әлеуметтік желіде жылу құбырының жарылғаны туралы видео тарады. Шапшыған ыстық су бірнеше метр биіктікке көтерілді.


Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, апат бүгін, облыс орталығындағы Мүсірепов, 6 мекенжайында болған. Жылу желісіне жүк көлігі соғылып, диаметрі 100 мм болатын құбыр жарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір апат орнында «Петропавл Жылу желілері» ЖШС бригадасы жұмыс істеп жатыр. Құбырды қалпына келтіру үшін жылу берушілерге 6 көпқабатты үйді және бір әлеуметтік нысанды жылудан уақытша ажыратуға тура келді. Жөндеу жұмыстары 2-3 сағатқа созылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT