СҚО-да ЖРВИ-ді жұқтыру 37 пайызға өсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны артты. Өткен аптада өңірде 600 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылы өңірде жіті респираторлық вирустық инфекцияны 12 397 адам жұқтырса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 17 041 адамға жеткен. Яғни ауырғандар саны 37,4 %-ға артты.

«Өткен аптада СҚО-да 599 адам жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырды. Оның 377-сі 14 жасқа дейінгі балалар, 76-сы – 15-29 жастағылар, 115-і – 30 бен 64 жастағы тұрғындар, қалған 31-і егде жастағы адамдар», - дейді санитар дәрігерлер.

Өңірде тұрғындарды вакциналау да жалғасып жатыр. Pfizer вакцинасы 6 799 адамға салынды. Оның басым бөлігі – 5 217-сі – жасөспірімдер, 1379-ы – емізулі баласы бар аналар болса, 203-і – жүкті әйелдер. Бұдан басқа 35 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті.

Бұған дейін СҚО-да коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақтанғанын айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар