СҚО-да жөнделіп жатқан екі көпір биыл пайдалануға беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданында күрделі жөнделіп жатқан екі көпірдің құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысына байланысты республикалық маңызы бар М-36 «Алматы - Екатеринбург» трассасының жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін уақытша айналма жол салынғандығы бұған дейін айтылды. Қазір Жембарақ өзенінен өтетін ескі көпір де бұзып алынып, жөндеу жұмыстары басталды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ филиалының директоры Болатбек Айтбаевтің айтуынша, көпірді пайдаланып келген халық қиындық көрмейді. Айналма жол салынды. Қажетті құрылыс материалы 100% дайын. Екі нысанға 34 техника, 80 адам жұмылдырылған. Жыл басынан жөндеу жұмыстарына 2 230 млн теңге жұмсалған.

«Бармаши өзені арқылы өтетін Петропавл-Соколовка автожолындағы көпірді күрделі жөндеу қолға алынбақ. Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың қарауында жатыр. Сондай-ақ биыл Есіл ауданы Покровка елді мекені жанындағы темір көпірді де жөнге келтірмекшіміз», - дейді Болатбек Айтбаев.

Жалпы өңірде республикалық маңызы бар автожолдарда 17 көпір, 5 өтпежол және 514 су өткізгіш құбыр орналасқан. Республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге биыл ел қазынасынан 18,8 млрд теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар