-
ОНЛАЙН:
СҚО-да жолға шығып кеткен мал иелеріне 300-ден астам айыппұл салынған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бағусыз жүрген жылқы жолға шығып кетіп, салдарынан жүк көлігінің астына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Петропавл-Нұр-Сұлтан» тас жолының Тайынша ауданы маңында үйір жылқы бағусыз бос жүрген. Жылқының біреуі жолға атып шығып, «МАЗ» көлігінің астына түскен. Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеген.
«Бұл жағдай Обуховка ауылының маңында таңғы сағат 8.00 шамасында болған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болған жағдай туралы «102» нөміріне хабарлады. Полиция қызметкерлері малды қараусыз қалдырған аудан тұрғынын анықтады», - дейді Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов.
Малды қараусыз бос жіберген Горький ауылының тұрғыны екен. Енді оған қатысты әкімшілік шара қолданылып, жауапкершілікке тартылады. Еске сала кетейік, малды жаю ережесін бұзғандарға ескерту немесе айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.
«Жолда бос жүрген мал көлік жүргізушілеріне үлкен қауіп төндіреді. Қаңғырған түлік көлік астына түсіп, тек материалдық шығын әкеліп қана қоймай, сонымен қатар адам өліміне себепші болуы мүмкін. Осы себепті үнемі мал иесіне түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізіледі», - дейді Нұрлыжан Ақтанов.
Биыл СҚО-да 300-ден астам адамға мал жаю ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Жануарлардың салдарынан болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам жарақат алды.
- СҚО кәсіпкерлерінің өнімдері Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстанға экспортталады
- Петропавлда жүргізуші куәлігі жоқ мас адам жүк көлігін айдап әкетпек болды
- Жезқазғанда салонға қыстырылып қалған жүргізуші құтқарылды
- Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
-
СҚО тұрғыны 14,5 келі есірткімен ұсталды
-
Полиция іздеу салған қостанайлық бойжеткен тоғыз күннен соң табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам