+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

СҚО-да жолдардың бойында 300-ден астам жылынатын орындар бар

2019 жылғы 7 желтоқсан 09:57
Бөлісіңіз:
СҚО-да жолдардың бойында 300-ден астам жылынатын орындар бар

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары ауа райының бұзылуына байланысты төтенше жағдайға дайындық шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің бірқатар облыстарында жолдар әлі жабық Атыраулық құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жаңа техникаға ие болды Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, өңірде қар басу қаупі жоғары 376 бөлік бар. Егер аймақта боран тұрып немесе күшті жел соғатын болса, қар көлік жолдарын жауып қалуы ықтимал.

Осындай жағдайда қапы қалмау үшін өңірде республикалық, облыстық маңыздағы және жергілікті жолдардың бойына 344 жылынатын орындар орналастырылды. Сондай-ақ төтенше жағдайға 1183 қар күрейтін және арнайы техника сақадай сай тұр. Бұған қоса тағы көктайғақ кезінде қолданатын материалдар мен жанар-жағармай дайындалған.

Құтқарушылар өңір тұрғындарына ауа райына байланысты ескертулерді елемеу едәуір қауіп тудыратынын ескертті. Солтүстікқазақстандықтарды ауа райының бұзылатыны туралы алдын ала «Darmen» қосымшасы арқылы және хабарлама сілтемелері арқылы хабардар етуде.

Облыста алдағы демалыс күндерінде ауа райының бұзылуы мүмкіндігі жөнінде ескерту жарияланды. Өңірде боран тұрып, көктайғақ болуы мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT