СҚО-да жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тапты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев ауылының маңындағы тас жолда екі адам ажал құшты, деп хабарлады ҚазАқпарат әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттарға сілтеме жасап.

Куәгерлер жариялаған фотода оқиға орнында өрт сөндіру көлігі мен жүк көліктер тұрғанын байқауға болады. Куәгер атап өткендей, екі адам қаза тапты. Бейресми деректерге сәйке, көлік КамАЗ-ға соғылған.

Ерлі-зайыпты алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлер жолдағы көктайғақ туралы атап өтті.

 «Жол-көлік оқиғасы «Челябі-Новосібір» тас жолының 606-шы шақырымында орын алды.   «Форд» және «КамАЗ» көліктерінің соқтығысуы салдарынан шетелдік көліктің 63 жастағы жүргізушісі мен оның 58 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.  Алдын ала нұсқа бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі көктайғақпен жазғы доңғалақпен жүріп келе жатып, көлікті дұрыс басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында апат себептері мен жағдайлары анықталып жатыр», - деді СҚО ІІД баспасөз қызметінде.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар