СҚО-да жол апатынан ерлі-зайыпты зейнеткерлер мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Есіл ауданында таңғы сағат 10.00 шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, аудан орталығы Явленкаға кіреберіс тасжолда «Москвич» автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі маневр жасай отырып, қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» ауыр жүк көлігіне жол бермеген.

Салдарынан үш көлік соқтығысқан. «Москвич» автокөлігінің жүргізушісі және оның әйелі сол жерде қаза тапты. «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Шал ақын ауданында болды. Ұзынжар ауылының маңында «УАЗ 452 А» мен «КамАЗ» көліктерінің соқтығысуынан екі жолаушы қаза тапты.

«УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Екі жағдай бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар