+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

СҚО-да жол апатынан бір адам мерт болып, төртеуі жарақат алды

2021 жылғы 22 ақпан 22:38
Бөлісіңіз:
СҚО-да жол апатынан бір адам мерт болып, төртеуі жарақат алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 45 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Боран: Шығыс Қазақстанда тасжолдардың бірі жабылды Атырауда қар құрсауында қалған 63 адам құтқарылды Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Жезқазған-Петропавл» автожолының 830 шақырымында болған. Николаевка елді мекеніне бұрылысқа 5 шақырым қалғанда «ВАЗ-21150» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан «Toyota Land Cruiser 200» көлігімен соқтығысқан. Ресейлік көлікті тізгіндеген Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының 45 жастағы тұрғыны оқиға орнында мерт болды. Оның үш жолаушысы, соның ішінде 6 жасар бала да бар, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Toyota» көлігінің жүргізушісі, Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғынының айтуынша, «ВАЗ-21150» көлігі жүк көлігін басып озбақ болған. Шетелдік көліктегі жолаушыға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл дерек «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыста жолда аса мұқият болу қажеттігін көлік жүргізушілерінің есіне саламыз. Жүк көліктерінен кейін қар құйыны пайда болып, көрініс шектеледі. Сол себепті сақтықты ұмытпаған жөн», - дейді Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сәкен Рахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT