+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

СҚО-да жоғалған 8 жасар қыз табылды

2020 жылғы 15 қазан 18:59
Бөлісіңіз:
СҚО-да жоғалған 8 жасар қыз табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жоғалған 8 жасар қыз алты сағаттан кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны «102» арнасына хабарласып, қызының жоғалғандығын айтқан.

Балдырған қыз таңертең сағат 10.00 шамасында дүкенге кетіп, үйіне оралмаған. Әбігерге түскен ата-ана баласын өздері іздеп табуға тырысқан. Алайда, 4 сағат іздеп, одан еш нәтиже шықпағаннан кейін, полицияның көмегіне жүгінген.

Жедел кезекші шұғыл жедел уәкілдердің, учаскелік полиция инспекторларының, ювеналдық полиция қызметкерлерінің жеке құрамын көтерген. Барлық аумақтық бөліністерге бағдар жіберілді. Полицейлер аулаларды, саябақтарды тексеруге кірісті.


Қызды полицейлер екі сағаттан кейін тапты. Я.Гашек көшесіндегі аулаға жақын маңдағы Жеңіс саябағынан мектеп оқушысын учаскелік инспектор Оңалбек Әбдікәрімов пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Нариман Тәшімов байқаған. Ангелина онда екі қыз баламен ойнап жүріпті.

Қазіргі уақытта қыз бала үйіне аман-есен қайтарылды. Баласы табылып қуанған ана көз жасына ерік беріп, полицейлерге алғысын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT