+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

СҚО-да жоғалған 29 жастағы жігіт аман-есен табылды

2021 жылғы 29 шілде 10:05
Бөлісіңіз:
СҚО-да жоғалған 29 жастағы жігіт аман-есен табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үйден туыстарына айтпай кетіп, жоғалған 29 жастағы жігіт аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылды Қызылордада бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды СҚО-да 134 мың зейнеткердің 18 пайызы ғана коронавирус екпесін алған

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіт туған-туыстарымен сөзге келіп, үйден кетіп қалған. Сол күні мас болған екен. Ішімдіктің буына еліткен ол жаяу Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлге бет түзейді.

Адасып, шаршап-шалдыққан жігітті Айыртау ауданындағы қамбалардың бірінің күзетшілері байқап, полицияға хабар берген.

«Күзетшілер жігітті өздеріне әкеліп, жуындырып, тамақтандырған. Кейін іздеуде болуы мүмкін деген оймен полицияға хабар берген. Жоғалған адам жайында бағдар облыстың барлық полиция бөлімдері мен бөліністеріне беріледі. Олар жігіттің 22 шілдеден бері іздеуде жүргенін анықтады», - дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.

Бұған дейін 29 жастағы жігіттің Шал ақын ауданы Еңбек ауылынан белгісіз жаққа кетіп, табылмай жатқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT