СҚО-да жеті жасар бала суға батып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне батып кеткен жеті жасар баланың денесі табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға сенбі күні кешкі 5-тер шамасында Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында болған. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан бала суға құламас бұрын көпірдің үстінде тұрған.

«Баланың жанында ата-анасы болған жоқ. Көпірге барып, сонда ойнаған, аяғы тайып кеткен болуы керек. Жақын маңда тағы бір бала балық аулап жүріп, оқиғаға куә болған. Оның айтуынша, ағыны қатты өзен баланы бірден ағызып әкеткен. Баланың мәйіті әлі де іздестірілуде. Арнайы топтар жұмыс жасауда, сүңгуірлер ағыстан төмен 2,5 шақырым жерден іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Судың лайлығы, ештеңенің көрінбеуі, өзендегі бөренелер мен су үстіндегі бұтақтар, сондай-ақ, ағыстың қатты болуы іздестіру жұмыстарына кедергі келтіруде», - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар еріктілерді баланың денесін іздестіруге ат салысуға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар