СҚО-да жемқорлыққа белшесінен батқан ведомстволарды атады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі бойынша елімізде бірінші орында тұр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «2017 жылғы жемқорлыққа арнайы шолу» зерттеуінің қорытындысы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігі мен адалдық көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұр.

Былтыр «Ассамблея» корпоративтік қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және жемқорлыққа төзбеушілік деңгейіне әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Сауалнамада көрсетілгендей, облыс тұрғындары өңірдегі жемқорлық деңгейін болмашы деп бағалап отыр.

«Өңір тұрғындары ең жемқор ведомстволар құқық қорғау, жергілікті атқару және сот органдары деп есептейді. Солтүстікқазақстандықтардың пікірінше, ХҚО-лардың, қаржы ұйымдарының, банктердің қызметтері ашық және таза», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар