СҚО-да жемқорлық жайында хабарлаған үш адамға сыйақы берілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 88 қылмысты ашса, соның 51-і парақорлыққа қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 9 айдың ішінде өңірде 88 қылмыс тіркелген. Соның 72-сі немесе 82 % сыбайлас жемқорлық деректері. 51-і пара алу мен беруге қатысты болса, 29-ы мемлекет қаржысын жымқыруға қатысты. Келтірілген шығын 482,2 млн теңге. Бүгінге дейін оның 451,9 млн теңгесі, яғни 94% қайтарылды.

Мемлекеттік органдардың 8 басшысының қылмысы әшкере болды. 18 адам сотталып, 6 адам бостандығынан айырылды, 11-і айыппұл төлесе, 1-еуінің бостандығы шектелді.

Жыл басынан мемлекеттік органдарға заңбұзушылыққа жол берілгендігі жөнінде 29 ұсыным жіберілген. Нәтижесінде 40 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2019 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік саяси қызметшілердің отставкаға кетуі және қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілді. Заң күшіне енгелі өңірде 6 жетекші жауап берді. Солардың бірі – СҚО әкімінің орынбасары А.Федяев болса, екіншісі Ақжар ауданының әкімі Е.Мадьяров.

СҚО ПД бастығының бұйрығы негізінде Шал ақын аудандық полиция бөлімінің бастығы К.Нұрахметов те қол астындағы қызметкері қылмыс жасағаны үшін орнынан алынды.

Мамандардың айтуынша, жалпы облыста жыл басынан сыбайлас жемқорлық дерегі жайында хабарлаған үш адам сыйақы алды. Оларға жалпы сомасы 583,3 мың теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар