СҚО-да жел энергиясы стансылардың қымбаттығынан пайдаланылмай отыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы елімізде жел энергиясының әлеуеті жөнінен екінші орынды тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы ҚазАқпаратқа аймақтағы жел энергиясын пайдаланудың болашағы мен түйіткілдері жөнінде айтып берді. 

Қазір облыста, нақты айтқанда, Қызылжар ауданында «Зенченко и К» командиттік серіктестігі орнатқан 4 жел генераторы жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы қуаттылығы 3,5 МВт-ты құрайды. Бастапқы екі жел генераторы 2012 жылы салынса, кейінгі екеуі 2015 жылы орнатылған.

«Өткен жылы «Зенченко и К» жел электр стансысы 3,95 миллион кВт/сағ электр қуатын өндірді.  Бұл өңірде өндірілетін жалпы электр энергиясының 0,012% құрайды. Жалпы алғанда осы уақытқа дейін жел генераторлары 14,3 миллион кВт-сағ электр қуатын өндірді» - деді басқарма басшысы Андрей Калиничев.

Егер бұл энергияны өндіру үшін көмірді пайдалансақ, 9 мың тонна отын қажет болады. Көмірдің осынша мөлшерін жаққанда, шамамен 130 келі ластаушы заттар мен 3,9 тонна күл пайда болады.

«Солтүстік Қазақстан облысының жел энергиясын өндірудегі әлеуеті жоғары. Қуаттылығы 106 гигаватт-тан асады. Бұл - Қазақстан бойынша екінші орын. Жел энергиясын пайдалану жаңартылған энергия көздері саласында басымдыққа ие болып отыр. Дегенмен, жел электр стансаларының қымбаттылығынан аталмыш энергия көзін кең түрде қолдануға мүмкіндік болмай отыр», - деді А.Калиничев.

Не дегенмен, таяуда аймақта тағы екі жел электр стансысы пайда болмақ. Greencity KZ және Ventac Group компаниялары Тайынша ауданында қуаттылығы 35 МВт және 7,5 МВт болатын екі жел стансысын салуға ниетті. Меморандумға былтырғы жылы Инвесторларды тарту жөніндегі аймақтық кеңестің ІІІ отырысында қол қойылған. Қазірде жер телімі бөлінді, енді техникалық құжаттама дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар