СҚО-да жедел жәрдем стансасының автопаркі 18 реанимобильмен толықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының жедел жәрдем қызметіне заманауи жабдықталған 18 реанимобиль автокөліктері алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 3 жылда денсаулық сақтау саласына 113 млрд теңге бөлінді. Биыл оған 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп сома – 56 млрд теңге қарастырылды. Нәтижесінде медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жүйелі түрде жаңартуға мүмкіндік туып отыр.

«Медициналық ұйымдарға көлік алуға соңғы 3 жылда 633 млн теңге бөлінді. Қазір облыста 41 жедел жәрдем көлігі бар. Оның 10-ы заманауи. Бізге жаңа реанимобильдер жетіспейтін еді. Соңғы 3 жылда 6 реанимобиль алынды. Бүгін тағы Hyundai маркалы 18 реанимобиль келді. Олар қажетті заманауи қондырғылармен: дефибрилляторлармен, электркардиографтармен, өкпені жасанды желдету а ппараттарымен, оттегі баллондарымен қамтамасыз етілген. Бір сөзбен айтқанда, мобильді жансақтау палатасы деп айтуға болады», - дейді СҚО әкімі Құмар

Ақсақалов.


Әлемдік стандарттар бойынша 10 мың тұрғынға бір жедел жәрдем көлігі болуы тиіс. СҚО-да олардың саны 55 болуы керек. Бүгінгі жаңа көліктерді қосқанда олардың саны 59-ға жетті. Жыл соңына дейін тағы 20 реанимобиль келеді, бұлар аудандарға жөнелтілмекші. Осы күнге дейін облыс жедел жәрдеммен 76% қамтамасыз етілген еді. Жаңа көліктердің арқасында 100 % жетпек.


«Пандемия кезінде жедел жәрдем қызметінің жұмысы аса маңызды. Облыста коронавирус инфекциясының таралуы шарықтау шегіне жеткенде жедел жәрдем қызметі тәулігіне 712 шақыртуға дейін қабылдап отырды. Біздің денсаулық сақтау жүйесі індеттің екінші толқынына дайын болу керек. Індеттің екінші толқыны келсе, біз жедел жәрдем бригадаларының санын 32-ден 50-ге дейін көбейте аламыз», - деді өңір басшысы.


Соңғы жаңалықтар