СҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері аудио, видеоқұрылғылармен қамтылды

Фото:
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәдем қызметкерлері өздерін қорғау үшін шақыртуға барған кезде аудио және бейне жазба жүргізеді. Пилоттық жоба бүгін іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Жедел медициналық көмек көрсету орталығы директоры Юрий Белоногтың айтуынша, бүгіннен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жедел медициналық көмек көрсету орталығының қызметкерлері шақыртуларға аудио және бейнетіркеу құрылғыларымен барады.

«Бұл жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істейді. Қажетті құрылғымен 5 бригада жабдықталған. Бұл жаңашылдықты жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында қолға алдық», - дейді Юрий Белоног.

Аудио және бейнетіркеу пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүргізіледі. Келіспеген жағдайда-аудио және бейнетіркеу жүргізілмейді.

«Жедел жәрдем қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін оқыс оқиғалар болып, сырқаттар жанжал шығарған жағдайда бейнетіркеу міндетті түрде жүргізіледі. Ал мұндай оқиғалар біздің тәжірибеде аз емес, шақыртумен келген медицина қызметкерлеріне қол ала жүгіретіндер, қорқытатындар бар. Спирттік ішімдікке тойған «сырқаттың» «тұтқынға» да алған кездері де болды», - дейді орталық директоры.


Соңғы жаңалықтар