СҚО-да жазасын өтеушілер арасында «Үміт» байқауы өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар арасында дәстүрлі «Үміт» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Үміт» көркемөнер байқауына барлық мекемелерден жазасын өтеушілер қатысты. Биыл іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып, байқау жұмыстары «Менің Қазақстаным» тақырыбына арналды.

Бұл жолы да ЕС-164/6 мекемесінде, яғни әйелдер колониясында жазасын өтеушілер белсенділік танытты. Сотталған әйелдер байқауға акварель, майлы бояу, мозаика және дымқыл қағаз техникасында орындалған қызықты көркем туындыларын ұсынды.

«Сотталғандар контингенті - бұл әртүрлі жастағы, түрлі білімі мен қабілеті бар адамдар. Көбінесе тұтқындау жағдайында сотталғандардың жасырын таланттары мен шығармашылық әлеуеті ашылады. Мысалы, 2018 жылы 1 орын алған сотталғанның жұмысы Мәскеу қаласында өткен конкурсқа ұсынылды. Православие епархиясының өкілдері ол салған әулиенің бейнесін жоғары бағалдап, жұмысын атап өтті. Жұмыстың авторы, жазасын өтеуші әйел грамотамен, естелік сыйлықпен марапатталды, ал мекеме әкімшілігі сотталғандар арасында руханиятты тәрбиелеу ісіндегі жұмысы үшін алғысхат алды», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дәурен Сәдуақасов.

«Үміт» байқауына қатысушылардың еңбектері арнайы ұйымдастырылған көрмеге қойылды. Суреттер галереясы қазылар алқасына, қоғам өкілдеріне ұсынылды. Олардың пікірінше, барлық жұмыстар қызықты және назар аударуға тұрарлық.


Соңғы жаңалықтар