СҚО-да «Жасыл ел» қатарында 225 адам еңбек етіп жүр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың шілде айында облыстың 12 орман мекемесінде «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтарының қатарына 225 жас солтүстікқазақстандық кірді. Бұл туралы СҚО ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

«Олар орман шаруашылығы жұмысшыларына көмектесуге келді. Бірлескен жұмыстарының арқасында Солтүстік Қазақстанның орман аумағы үнемі өсу үстінде, сондай-ақ олардың сапасы және алуантүрлілігі артып отыр», - деді «Жасыл елдің» Солтүстік Қазақстан облыстық штабының басшысы Асқар Баймұқанов.

«Шілде айында біз 500 гектардан астам аумақты қамтитын орман шаруашылықтарында жұмыстар жүргіздік, тәлімбақтарда қайың және қарағай көшеттерін күтіп, орманды шөп-шаламнан тазарттық, санитарлық тазалау жұмыстарын өткіздік. Мемлекет басшысы: «Жасыл ел» дегеніміз - Мәңгілік ел дегеніміз», деп айтқан еді. Жауынгерлер ол үшін қолдан келетіннің бәрін жасап отыр! Біз мықты Қазақстан үшін еңбек етеміз!» - деп атап өтті А.Баймұқанов.

«Жасыл елдің» әрбір жауынгері - Отанына деген сүйіспеншілігін іс жүзінде дәлелдеп жүрген нағыз патриот.

Соңғы жаңалықтар