+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да жасөспірім бала граната тауып алды: Тұрғындар эвакуацияланды

2021 жылғы 15 қазан 15:21
Бөлісіңіз:
СҚО-да жасөспірім бала граната тауып алды: Тұрғындар эвакуацияланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы ауыл тұрғыны алаңқайдан жауынгерлік ескі гранатаны тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды, көз жұмғандар бар Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды Алматы дәрігерлері салмағы 530 грамм баланы аман алып қалды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінің 17 жастағы тұрғыны алаңқайдан гранатаға ұқсас зат тауып алды. Тат басқан бұйымды көрсету үшін ол апайының үйіне әкелген. Қауіптенген әйел бірден полицияға хабар берген.

Соколов поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, жақын маңдағы үш үйдің жеті тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Оқиға орнына жеткен жарғыш-техниктер қауіпті затты арнайы қалыпқа салды. Табылған зат кеңестік заманнан қалған жаяу әскерде қолданылатын «УЗРГМ» тұтандырғышы бар «РГД» гранатасы болып шықты.

«Граната сараптамаға жіберілді, кейін арнайы полигонда жойылатын болады. Жарылғыш заттарға ұқсас зат табылған жағдайда зарядтың өздігінен жарылуын болдырмау үшін оларды ұстауға, орнынан қозғауға болмайтынын еске саламыз», - дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрлыжан Ақтанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT