СҚО-да жас полицейлердің слеті өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -Солтүстікқазақстандық жас полицейлердің екікүндік слеті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы слет Астананың 20-жылдығына арналған. Шара үш түрлі бағытта, атап айтқанда жауынгерлік және қызметтік дайындық, патриоттық тәрбие, тәжірибелі жетекшілермен бірлескен жұмыс бойынша ұйымдастырылды.

«Шара барысында жұмыс істеп жатқанына бір жыл толмаған жас мамандар психологиялық тренингтер өтті, сондай-ақ олар кинологиялық қызмет орталығына барып арнайы техниканың жұмыстарымен танысты. Полицейлер оқу-жаттығу жұмыстарын көріп,  қазақстандық «Алтыншы бекет» фильмін тамашалап қайтты. Сонымен бірге олар Калашников автоматы мен Макаров пистолетінен атудан өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Салтанатты жиында облыстық ІІД басшысы Берік Біләлов жас полицейлерді қызметтерінің басталуымен құттықтап, 44 қызметкерге арнайы куәлік табыстады.

Соңғы жаңалықтар