СҚО-да жас полицейлер марапатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 38 курсант тәжірибеден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, курстанттарды екі айлық қызу жұмыс күтіп тұр. Ұжымға жылдам бейімделуі үшін басшылық оларға арнайы бағдарлама әзірлеген. Курсанттар ардагерлермен кездесіп, ведомствоның музейіне барды, психологиялық тренингтен өтті.

Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуынша, жұрт болашақ офицерлерден үлкен үміт күтеді, соған қарай оларға қойылатын талаптар да жоғары. Қазіргі заманның полицейі үнемі өзін жетілдіріп, дене дайындығы жоғары, жүйке жүйесі төзімді болуы тиіс.

«Полиция департаменті алты жас қызметкер мен курсанттарды алғыс хатпен марапаттады. 34 қызметкерге салтанатты түрде алғашқы қызметтік куәліктер тапсырылды. Марапаттау шарасында өткен жылдары бітірген жас офицерлер курсанттарды құттықтады», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Курсанттардың диплом жұмыстары қорғау алдындағы тәжірибесі мамыр айыны басында аяқталады.

Авторы: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар