СҚО-да жас мамандарды баспанамен қамту үшін өңірлік бағдарлама жасалады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары өз жұмысшыларына жаңадан баспана тұрғызып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін СҚО әкімдігінің кезекті отырысы өтіп, колледж түлектерін жұмыспен қамту мәселесі қаралды.

Биыл облыста университет пен колледждерді 5,5 мың түлек бітірген. Оның 80% жұмысқа орналаса алды.

«Колледж түлектеріне сұраныс артып келеді. Өңірдегі ірі 5 зауыт соңғы үш жылда 100-ге жуық жас маманды жұмысқа алған. Оның 25-і биылғы түлектер. Ауыл шаруашылық құрылымдары да 100 шақты жасқа жұмыс берді. 160 түлек құрылыс компанияларына орналасқан. Алайда жас маманды жұмысқа алудан басқа, оны сол орында ұстап қалу керек. Әр жетекші өз жұмысшыларына жақсы жағдай жасауға тырысуы керек», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Жас мамандардың ең басты мәселелерінің бірі – баспана. Бүгінде ауылдардағы бірқатар шаруашылықтар өз жұмысшыларына тұрғын үй салуды қолға алды.

«Петерфельд Агро» ЖШС өз қызметкерлеріне 14 үй тұрғызып жатыр. Жалпы облыс бойынша 150 баспана салына бастады. Бұл - басқа сала жетекшілеріне үлгі. Зауыттар мен құрылыс компаниялары назарға алуы керек. Жас мамандардың несиеге баспана алуға бастапқы қаржысы болмай жатады. Кәсіпорын жетекшілері өз жұмысшыларының тұрмысын жақсартуға атсалысуы қажет. Осыған байланысты бизнес қауымастықтармен бірге жас инженерлер мен құрылысшыларға тұрғын үй сертификатын беру бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма беремін», - деді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар