+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

СҚО-да жас дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы беріледі

2021 жылғы 3 шілде 18:08
Бөлісіңіз:
СҚО-да жас дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Медицина саласындағы маман тапшылығын біртіндеп шешіп жатырмыз. Өңірде алғаш рет 2,5 млн теңге көлемінде көтерме төлем беру жолға қойылды. Ел бойынша ең көп төлем бізде деуге болады. Биыл осы бастама аясында 128 дәрігердің келуін күтіп отырмыз. Бюджет есебінен тар бейінді мамандық бойынша резидентурада білім алған 30 дәрігер келмекші», - деді аймақ басшысы.

Әкімнің сөзіне қарағанда, көп өтпей ауылдық елді мекендерде 47 медициналық нысанның құрылысы басталуы керек. Сондай-ақ, ол өңірде қатерлі аурулардан келетін өлім жітімнің жыл санап азайып келе жатқанына назар аудартты.

«Үш жылда онкология бойынша өлім-жітім 13%-ға қанайналым жүйесі ауруларының өлімі 10%-ға, инсульт пен инфарктан көз жұматындар саны 2%-ға-, нәресте өлімі 13%-ға, туберкулезбен ауыру 37%-ға азайды. Бұл сандардың артында дәрігерлеріміздің өлшеусіз еңбегі жатыр», - деді Құмар Ақсақалов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT