СҚО-да жарты жыл ішінде тұрғындарға 275 млн теңгенің айыппұлы салынған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында биылғы алты ай ішінде тұрғындар 74 мыңнан астам құқық бұзушылыққа жол беріп, оларға шамамен 275 млн теңгенің айыппұлы салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдің әкімшілік полицейлері екі күндік «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Мақсат - төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар адамдарды анықтау.

Осы жылдың 6 айында СҚО-да 274 млн 964 мың теңге болатын 74 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Алайда оның 70% ғана өндіріліп алынған. Полицейлер айыппұлды төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді.

Инспекторлар «Жол приставы» мобильді бағдарламалық-аппараттық кешенінің көмегімен автокөлік ағынына мониторинг жүргізеді. Көлік камераның көру аймағына түскен кезде, компьютер көлік иесінде төленбеген берешегінің бар-жоғын анықтайды. Инспектор машинаны тоқтатып, көлік иесін деректер базасы бойынша тексереді.null

Полицейлердің айтуынша, рейдтерді өткізудегі тағы бір мақсат - жүргізушілерді ақпараттандыру. Айыппұлды төлеуді созып жүрген жүргізушілерге тәртіп сақшылары заманауи төлем жасаудың тәртібін түсіндіреді. Ал борышкерлердің қарыздан құтылмайынша елден шыға алмайтындықтары ескертіледі.

«Борышкер» іс-шарасының бірінші күні полицейлер 515 түбіртек бойынша 5 млн теңгені өндіріп алды. Қазіргі таңда Еgov электронды үкімет арқылы online тәртібінде және 12 банктің филалдарында айыппұлды төлеуге болады. Сондай-ақ ірі сауда орталықтарындағы терминалдарда ЖСН-ді енгізу арқылы әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын тексере аласыз», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.

«Жол приставы» автокешенінен басқа борышкерлерді ақпараттандыру мақсатында полицейлер берешегінің бары туралы SMS хабарламасын жібереді. Айтуларынша жыл басынан осындай 6 мың хабарлама таратылған. Жалпы, соңғы жарты жылда Әкімшілік полиция басқармасы «Борышкер» іс-шарасын 10 рет өткізіпті.

null

Соңғы жаңалықтар