СҚО-да Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жамбыл ауданының жаңа әкімін тағайындап, жергілікті активке таныстырды. Жаңа басшы Мұратбек Әбішев бұған дейін бес жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің қызметін атқарған. Өңір басшысы жаңа әкімге ауыл шаруашылығын дамытып, құрылыс қарқынын арттыру міндеттерін жүктеді.

Мұратбек Жапасұлы 1965 жылы 1 наурызда Ресейдің Челябинск облысында туды. 1989 жылы агроном мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады. Еңбек жолын «Қаракөл» кеңшарында 1989 жылы бастады. 1993-1996 жылдар аралығында Ушаковка кеңшарында коммерциялық сұрақтар бойынша директордың орынбасары, 1996-1998 жылдар аралығында Гастелло атындағы НАШК төрағасы болды. Кейін 2011 жылға дейін бірқатар ЖШС-лардың директоры қызметін атқарды.

2011 жылы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, 2012 жылы осы ауданның «ОТИ-2010» ЖШС директоры, 2012 -2013 жылдары Ақмола облысы Есiл ауданы Есiл қаласының әкiмi болды. 2013-2019 жылдар аралығында СҚО-да Есіл ауданы әкімі қызметін атқарды.
Айта кетерлігі, Есіл ауданы әкімі болып Ербол Сағдиев тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар