+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

СҚО-да зауыттар еңбекақыны тамыздан бастап 10-15% өсіреді

2019 жылғы 22 шілде 14:31
Бөлісіңіз:
СҚО-да зауыттар еңбекақыны тамыздан бастап 10-15% өсіреді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар жұмысшыларына еңбекақыны 10-15%-ға арттырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ТОҚАЕВ: ҮКІМЕТ 2020 ЖЫЛДАН БАСТАП МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АЙЛЫҒЫН КӨБЕЙТУІ ТИІС Мұғалім жалақысын есептеудің индикаторы өзгеруі керек - Айгүл Мұқашева

Бұл жайында СҚО әкімдігінде өңірдің жарты жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған отырыста белгілі болды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жиында халықтың әл-ауқатын өсіруге баса назар аударды. Кәсіпорындардың арасында алғаш болып еңбекақыны 1 тамызда «Киров атындағы зауыт» өсірмек.

Бұл жұмыс агроөнеркәсіп саласында да жүргізілмек.

«Күзгі орақ басталғанша дейін ұжымдық шарттарға өзгерістер енгізуді тапсырған болатынмын. Жұмысшыларының еңбекақысы төмен барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер осыны қарастыру керек. Облыста ауыл шаруашылығы дамып келеді. Мемлекеттен орасан қолдау көрсетіліп жатыр, инвестиция бар. Мұның қайтарымы болып, халықтың кіріс деңгейі артуы қажет. Бұл жұмысты 10 тамызға дейін аяқтауды тапсырамын», - деді өңір басшысы.

Ақшасыз төлем жасау өңірде әлі де төмен. Облыс әкімі бұл мәселеге тағы да тоқталып, ақшасыз төлем жасауға көшудің қаншалықты тиімді екенін айтты.

«390 тұрғын үй кооперативі мен қоқыс шығаратын кәсіпорындар бірыңғай төлем жүйесіне енгізілмеген. Айналыста қомақты қолма-қол ақша жүр. Бұл көлеңкелі экономикаға әкелуі мүмкін. Біз арнайы бірыңғай төлем жүйесін құрдық, оған барлық коммуналдық қызметтерді қосу қажет», - деді Құмар Ақсақалов.

Жастар саясаты туралы сұрақты қарастыру кезінде облыс әкімі жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетіп, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің агротехникалық факультетіне студенттерді тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT