СҚО-да заңсыз сақталған 32 қару тәркіленді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындардан заңсыз сақталған 32 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда ойық ұңғылы винтовка тәркіледі. Полицейлер 42 жастағы ауылдықтың үйінен тіркелген екі аңшы мылтығынан басқа заңсыз сақталған оптикалық көздеуіші бар винтовканы тапты. Қару сараптамаға жіберілді.

Болжам бойынша, бұл калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы қаруы.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп- тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде осымен екінші рет ойық ұңғылы қаруды заңсыз сақтаудың дерегі анықталып отыр. Айта кетсек, акция 17 мамыр басталды. Мақсат – қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Іс-шара басынан заңсыз сақталған атыс қаруының 22-сі алынды. Бұл өзекті мәселе, тәжірибе көрсеткендей барлық тіркелмеген қару жиналған дайын күйде, қолжетімді жерде сақталған», - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Полицейлер осы күнге дейін 5,5 мыңнан астам қару иелерін тексерді. Қаруды талапқа сай сақтамаудың 147 дерегі анықталды. Қару иелері көп жағдайда сейфте қаруға қатысы жоқ заттарды - ақша, бағалы заттарды бірге сақтайды.

Бұған тыйым салынған және бұл - заңбұзушылық. Сонымен қатар сейфтің дабылы жарамсыз болып жатады. Бұдан басқа тексеріс барысында азаматтық қаруды қайта тіркеу мерзімінің өтуіне қатысты 22 дерек анықталған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, барлығы 32 қару тәркіленсе, оның 20-сы тіркелмеген тегіс ұңғылы, біреуі газды және тоғызы электрлі қару.


Соңғы жаңалықтар