СҚО-да заңсыз аң аулағандар ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында браконьерлер еш жерде тіркелмеген мылтықтармен аң аулап, қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз аң аулау дерегі 21 маусым күні Шал ақын ауданында тіркелді. Өткен жексенбі кешкілік аудандық полиция бөлімі мен орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері заңсыз аң аулаудың алдын алу үшін рейдтік іс-шара өткізді. Повозочное ауылының маңында олардың назарына «ВАЗ» автокөлігі түскен, табиғатты қорғаушыларды байқаған жүргізуші жасырынбақ болды. Полицейлер орманда қалдырылған Лада көлігі арқылы оның иесі 31 жастағы Ортакөл ауылының тұрғыны екендігін анықтады.

Іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер аң ауламақ болған ауданның үш тұрғынының үстінен түсті. Қазіргі уақытта олардың барлығы ұсталды.

«Алынған екі мылтық және орман алқаптарында әр жерге жасырған ұрғашы сібір елігінің еті - браконьерлердің заңсыз аң аулауды кәсіпке айналдырғанының белгісі. Тергеу барысында аңшылар аң аулаған жерлерін көрсетті», - дейді тәртіп сақшылары.

Заңсыз аңшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мылтықтардың тіркелмегені де белгілі болды. Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік материал жиналды.

«Қазіргі кезде аң аулауға тыйым салынған. Жыл басынан заңсыз аң аулаудың 12 дерегі анықталды. Браконьерлерге қатысты қылмыстық қудалау шаралары қабылданды. Аң аулау тәртібін бұзуға байланысты анықталған 200-ден астам факті бойынша әкімшілік жауапкершілік тағайындалды», - дейді СҚО ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Асхат Қожабаев.


Соңғы жаңалықтар