СҚО-да əйел сүйіктісін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ақпан айында Петропавлдағы үйлердің бірінің ауласында ер адамның аяқ-қолдарының бөліктері табылған. Қылмысқа күдікті әйелді тәулік ішінде ұстады.

56 жастағы Елена Бунина «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылды. 10 жылға бас бостандығынан  айырылған әйел жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

 Іс материалдарынан белгілі болғандай, Бунина мен бірге тұратын ер адамның арасында кикілжің туындаған. Кейін Бунина оны итеріп жібереді, зардап шегуші ас үйдегі диванға құлап түскен. Əйел алдымен оның басы мен бет тұсына соққы жасаған, артынша бірнеше рет пышақ сұққан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

«Ары қарай Бунина мәйітті балконға шығарған. 10 мен 18 ақпан аралығында жасалған қылмыстың ізін жасыру үшін балтамен денесін бөлшектеген. Әрбір бөлігін үй ауласында орналасқан қоқыс контейнерлеріне тастап отырған. 18 ақпанда қоқыстан жоғары оң жақ және астыңғы дене бөліктері табылды. Келесі күні полицей қызметкерлері адам өлтірді деген күдікпен Бунинаны ұстады. Дәл сол күні балконнан ер адамның басы табылды», - делінген іс материалдарында.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар