СҚО-да ветеринарлардың тексерісінен кейін 270 адам жауапқа тартылды
2019 жылғы 17 ақпан 10:28

СҚО-да ветеринарлардың тексерісінен кейін 270 адам жауапқа тартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ветеринарлық заңнаманы бұзған 270 заңды және жеке тұлғаға былтыр 6,1 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр облыс аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 3 мыңға жақын тексеріс жүргізілген.

Мамандардың айтуынша, ветеринарлық заңнама көбіне малды тасымалдау барысында бұзылады. Көп жағдайда олардың ілеспе құжаттары болмайды екен.

«Ветеринарлық бақылау барлық ауданда жауапкершілікпен жүргізіледі деп айта алмаймын. Айыртау, Есіл, Жамбыл, Мамлют және Тимирязев аудандарында ветеринария бөлімдері жыл бойы бірде-бір заңбұзушылықты анықтамаған. Алайда, Петропавл қаласында мал мен олардың етін қажетті құжатсыз әкелген 57 адамға айыппұл салынды. Олардың 8-і Аққайың, 12-сі Мамлют, 10-ы Есіл, 11-і Қызылжар, 3-уі М.Жұмабаев, Тайынша, Жамбыл аудандарынан және 1-уі Айыртау мен Тимирязев аудандарының тұрғындары», - дейді СҚО Ветеринария басқармасының жетекшісі Алтынбек Абдоллаев.

Мал ұрлығын болдырмау мақсатында 250 рейдтік шара жүргізілді, нәтижесінде малды, ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 200-ге жуық дерегі анықталды.

Толтырылған құжаттардың сәйкестігін тексеру барысында ветеринарлық құжаттардың талапқа сай берілмегендігі де белгілі болды. Осыған орай 11 ветеринар маманға әкімшілік шара қолданылды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT