СҚО-да велосипедшіні қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында трассада кетіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамыз күні Мамлют ауданының полиция бөліміне «Қостанай-Мамлютка» автожолында, Мамлютка қаласынан 3 км жерде ер адамның денесі жатқандығы туралы хабар түскен. Қаза тапқан 1971 жылы туған Воскресеновка елді мекенінің тұрғыны болып шықты.

Велосипед мінген ер адамды көлік қағып кеткен. Оның денесі жол жиегінде үш күндей жатып қалыпты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «УАЗ-390945-460» автокөлігінің жүргізушісі – 1977 жылғы Петропавл қаласының тұрғыны 4 тамыз күні «Костанай-Мамлютка» автожолында велосипедшіні қағып кеткенін анықтады. Велосипедші оқиға орнында қайтыс болған. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 345 және 347-баптары бойынша тіркелді. Ұсталған күдікті қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеудің нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар