+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

СҚО-да үздік тауар өндірушілер анықталды

2019 жылғы 7 шілде 01:53
Бөлісіңіз:
СҚО-да үздік тауар өндірушілер анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Астана күніне орайластырылып, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының аймақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл дәстүрлі шараға өңірдің 60 кәсіпкері қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінде танымал бренд ретінде қалыптасып, нарықтан ойып орын алған компаниялармен қатар ісін жаңа бастап, бизнеске енді келген кәсіпорындар да бар. Солардың бірі - «Строй север-блок» ЖШС. Жақында ғана ашылған кәсіпорын өз өнімін көрермен назарына ұсынды.

«Біздің негізгі өніміміз «арболит» деп аталады. Құрылыста қолданылады. Заманауи газ-көбік блоктары сияқты болғанымен, оның құрамының 85% қарағай жоңқасынан тұрады. Сол себепті экологиялық өнім деп айтуға болады. Біздің кәсіпорын қалдықсыз жұмыс істейді, арболиттен қалған ілеспе материалдарды топырақтың сапасын арттыру үшін және ландшафт дизайнын жасау үшін саяжайларда қолдануға болады», - дейді компания директоры Владимир Петренко.

Өз өнімін «Арт строй» кәсіпорны да көрме-байқауға әкеліпті. Темірден соғылған бұйымдардан басқа мұнда желдеткіш құрылымдар да дайындайды. Петропавлдағы қазіргі тұрғын үй кешендерінде негізінен осындай жүйені қолданады.

«Біз мұндай өнім шығаруды 2007 жылы қолға алдық. Қазір облыстан басқа Нұр-Сұлтан қаласымен, еліміздің өзге өңірлерімен жұмыс істейміз. Біз желдеткіштерді түрлі қалыпқа келтіріп істеп, кейін оны өзіміз орнатамыз», - дейді «Арт строй» ЖШС бөлімшесінің жетекшісі Виталий Золотарев.

Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Евгения Мариничтің өнімі әсіресе, жас аналардың қызығушылығын тудырды. Кітап тігетін жас кәсіпкер туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз. «Бастау» бағдарламасының шарапатын көрген кәсіпкердің бүгінде өз тұтынушылары қалыптасып үлгеріпті.


null

«Мен былтыр «Бастау» жобасына қатысып, арнайы курстан өттім. Грантқа кәсібіме қажет керек-жарақ қондырғыларды алдым. Қазір мен туғаннан 10 жасқа дейінгі балаларға түрлі дамыту құралдарын жасаймын. Менің кітаптарым арқылы олар қоршаған ортамен танысады, салт-дәстүрден хабардар болады. Ауылдастарым сатып алады. Ресей, Эстония мен Польшадан хабарласып, тапсырыс бергендер болды», - дейді Евгения Маринич.

Көрме-байқауға қойылған өніммен облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов танысты. Тұрғындар мен қала қонақтары да өздеріне ұнаған бұйымдарын арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік алды. Бұл күні облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен лоторея да ойнатылды. Жолы болғандарға жергілікті кәсіпорындардың өнімдері тегін үлестірілді.


null

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңінің «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» номинациясында «Изолит» ЖШС, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ және «Страж» ЖШС жеңімпаз атанды. Ал «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» номинациясында «МАТЕХ» ЖШС, «Мектеп және балалар киімі тігін фабрикасы» ЖШС және «Левин» ЖК таңдалып алынды. Үздік азық-түлік тауарын «Рим-КазАгро» ЖШС, «Казмясопродукт» ЖШС және «Пасека семьи Пилипушко» командиттік шаруашылығы шығарады деп танылды.

Бұл кәсіпорындар күз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға қатысатын болады.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT