СҚО-да үй өртеніп, ер адам көз жұмды

None
None
ПЕТРОПАВЛОВСК ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада 14 рет өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифингіде азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдерді азайту, апаттар және бақылау басқармасының басшысы Дмитрий Растихин: «Жамбыл ауданының Пресновка ауылында үйінен өрт шығып, ер адам көз жұмды», - деп хабарлады.

«Оқиға орнынан 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрттің алдын ала себебі – қолдан жасалған жылыту құрылғысын пайдалану қауіпсіздігін бұзу. Күн суытқан сайын жылыту құрылғыларының салдарынан желіге жүктеме көп түсуде. Тұрғындар көбінесе қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдаланады», - деді Д.Растихин.

Оның айтуынша, автоәуесқойлар да кейде көлікті жылыту кезінде жағармайды үнемдеу үшін түрлі амалдарға барады. Кейбіреулер дәнекерлеу лампасын пайдаланады, мотор бөліктерін көрпемен жабады. Соның салдарынан көліктен өрт шығып жатады. Жыл басынан бері өңірде 578 өрт тіркелген, оның 435-і тұрғын үй секторында. Өрт салдарынан 43 адам қаза тапты, оның бесеуі — бала.

8 өрт оқиғасы кезінде 20 адам қаза тапты. 14 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Өрттен келген шығын 116 млн теңгеден асты. Құтқарушылар «өрттің негізгі себептері отты дұрыс пайдаланбау, электр жабдықтарын, жылыту құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» дейді.


Соңғы жаңалықтар