СҚО-да үй карантинін бұзғандар 4,5 млн теңге айыппұл төледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында санитариялық талаптарды бұзғандарға жалпы сомасы 6,2 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 қазан мен 4 қараша аралығында 23 мониторингтік топ өңірде 221 рейд жүргізіп, 1323 нысанды тексерген. Нәтижесінде 33 адам жауапкершілікке тартылды. Оларға 1 млн 735 мың теңгенің айыппұлы салынды.

Үй карантинін бұзғандар да анықталып жатыр. «Қызыл», «сары» мәртебесі барлар адамдар көп жүретін қоғамдық орындарға барған. Ashyq арқылы 112 адам анықталып, оларға 4 млн 500 мың теңге айыппұл салынды.

Жалпы СҚО-да қазіргі уақытта 3 мыңға жуық нысан Ashyq қосымшасына тіркелген. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта мыңға жуық нысан аутсайдерлердің қатарында. Кей мекеме қосымшаны енгізгенімен 3-4 айдың ішінде оны бір рет те қолданбаған. Ал білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен қоғамдық тамақтану орындары, бассейндер керісінше, Ashyq-ты пайдалану бойынша көшбасшылары қатарында келеді.


Соңғы жаңалықтар