+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

СҚО-да ұстаздарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы іске қосылды

2019 жылғы 20 желтоқсан 10:30
Бөлісіңіз:
СҚО-да ұстаздарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы іске қосылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының ұстаздары бұдан былай «Денсаулық» мәдени-сауықтыру бағдарламасы арқылы шипажайда ем алып, Петропавл қаласының көрікті жерлерін аралай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұстаздарға мұндай демалысты Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының СҚО комитеті ұйымдастырып отыр. Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламаға алғашқылардың бірі болып Мамлют, М.Жұмабаев аудандарының мұғалімдері, кәсіподақ мүшелері қатысты.

«Денсаулық» мәдени-сауықтыру бағдарламасы екі күнге шақталған. Ұстаздарды сабақтан бос уақытта, яғни сенбі-жексенбі күндері Петропавлдағы «Транссіб» шипажайы қабылдайды. Оннан астам педагог емдік душ қабылдап, массаж және ингаляциялық емдеу алады. Емдік-сауықтыру терапиясынан өтіп, бассейн мен саунаға түседі.

«Бағдарлама екі күнге ғана шақталғандықтан әр минутын тиімді ұйымдастырамыз. Бірінші күн негізінен емдік процедурамен өтеді. Кешке ұстаздар боулинг ойнайды. Ал екінші күн мәдени-ойын-сауық шарасы өткізіледі. Мұғалімдер облыс орталығындағы музейлерді аралап, «Нептун» аквапаркінде дем алады. Бұл бағдарлама кәсіподақтың қаражатына жүзеге асырылып жатыр», - дейді білім қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитеті төрағасының орынбасары Татьяна Смолина.

Бағдарламаға өңірдің әр ауданының ұстаздары кезекпен қатыспақ. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, мұғалімдердің жасы, еңбек өтілі есепке алынбайды.

«Шипажай-профилакториде ем шараларын қабылдадық. Енді саунаға келіп отырмыз. Өте қуаныштымыз. Бір сергіп қалдық. Бес күндік оқу бағдарламасына көшкендіктен жұмысымызға кедергі кеп жатқан жоқ. Өте керек бағдарлама», - дейді М.Жұмабаев ауданы Беняш орталау мектебінің мұғалімі Әлия Жексембина.

Келесі кезекте Жамбыл ауданының 14 ұстазы ем шараларын қабылдамақшы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT