СҚО-да үсік жүруі мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында жақын күндерде үсік жүруі мүмкіндігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, 3-5 қыркүйек күндері өңірдің кей жерлерінде 1-3 °С үсік жүруі мүмкін. Осыған дейін синоптиктер жаңбыр, қар жаууы мүмкіндігін айтқан болатын.

Солтүстік Қазақстан облысында әзірге қар түскен жоқ. Ал, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қыстың лебін сезініп үлгерді. Әлеуметтік желілерде Семей қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан Қайнар ауылында жауған қардың бейнетүсірілімі мен суреттері жүр.

Соңғы жаңалықтар