Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

СҚО-да үш генетика орталығы ашылады

2019 жылғы 17 сәуір 08:30 534
Бөлісіңіз:
СҚО-да үш генетика орталығы ашылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да мал шаруашылығын дамыту үшін үш генетика орталығын ашу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайға сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізілімі кеңейтілді Павлодардағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 30 тоннадан астам өнім сатылды

СҚО әкімдігінің отырысында 2019 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындылары шығарылды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық бағыттар бойынша өсім бар, экономикада - 106,3%, ауыл шаруашылығында өсім - 3,1%. Облыс әкімі "өнімді қайта өңдеуге басымдық береміз" дейді.

«Біз ет өндірісі көлемін 58 мың тоннаға дейін жеткізуіміз керек. Бізде мал шаруашылығы саласында үш генетика орталығы ашылады. Етті қайта өңдеуді 45 пайызға дейін ұлғайту керек. Биыл 5 сүт фермасын іске қосамыз. Осының арқасында сүт өндірісінің көлемін 570 мың тоннаға жеткізе аламыз. Бидайды қайта өңдеу көлемі 600 мың тоннаға дейін ұлғаймақ», - деді Құмар Ақсақалов.

Өндіріс 3,8 % өсті, алайда «ЗИКСТО» және  «ПЗТМ» зауыттарында мәселелер баршылық. Облыс әкімі бұл бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Жұмыстарыңыз сылбыр. Бәрі тек әңгіме деңгейінде ғана. Барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. 2019 жылғы басты мақсат - машина жасау саласында өндіріс көлемін 30 млрд теңгеге дейін жеткізу», - деді облыс әкімі.


СҚО-да үш генетика орталығы ашылады 

Құрылыс саласында қарқын жаман емес, өсім - 21,7% құрады. Инвестициялар көлемі де 11% өсіп, 30 млрд теңгені құраған. Жиынды қорытындылай келе, аймақ басшысы "барлық салаларда оң өсім тіркелу керек" деді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT