СҚО-да «Ұрпақ жадында» атты акция өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы СҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен бүгін «Ұрпақ жадында» акциясы өтті. Оған 12 мыңға жуық солтүстікқазақстандық қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұрпақ жадында» акциясы Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты - өңірдегі Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлеріне арналған есерткіштер мен обелисктерді ретке келтіру, айналасын тазалап, абаттандыру болып табылады.

Петропавлда «Jas Otan» жастар қанатының аймақтық белсенділері соғысқа қатысушылар жерленген ескі зират аумағын жинастырды.

Жастардың айтуынша, мұндай іс-шара еліміздің және туған өлкенің тарихына жауапкершілікпен, құрметпен қарауға тәрбиелейді.

«Біз облыс бойынша арнайы топтар құрдық, олардың құрамында - партия, «Jas Otan» ЖҚ белсенділері, студенттер бар. Біз соғыста қаза тапқандар туралы, Отанды қорғаған адамдарды әрқашан есте сақтауымыз керек. Ал бұл акция жас ұрпаққа патриоттық тәрбие береді, азаматтық позициясын қалыптастырады», - дейді «Jas Otan» ЖҚ аймақтық филиалының жетекшісі Абылайхан Қайроллаев.
null null

Жастар өткен аптада «Мәңгілік алау» маңын тазартқан. Былтыр Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының құрметіне аталған көшелерді тазалап, жинауға үлес қосыпты.

«Nur Otan» партиясының СҚО өкілдігінің бастамасын Петропавлдағы өрт сөндіру қызметінің мамандары да қолдады. Олар Ғабит Мүсірепов атындағы көшені жинастырып, Екінші д.ниежүзілік соғыс кезінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштер мен обелисктерді жуып, маңын қоқыстан тазартты.
null

Жалпы, іс-шара барысында жерлес жауынгерлердің құрметіне орнатылған 200-ден астам ескерткіштер тазартылып, Екіншідүниежүзіліс соғысқа қатысушылардың жерленген орындары жөнделді және абаттандырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ұрпақ жадында» акциясы 100-ден астам ауылдық округты қамтыды. Іс-шара келер аптада жалғасын табады.

null

Соңғы жаңалықтар