СҚО-да ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 106 мың теңгеден төленеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының 203 ардагері тұрып жатыр, соның ішінде 53-і - соғыс мүгедектері.

Әлеуметтік көмек бөлімшелері соғысқа қатысқан 24 жалғызбасты қатысушы мен мүгедек адамдарға үйлерінде қызмет көрсетеді. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде 2 ардагер және 54 тыл еңбеккері тұрып жатыр. Бұл туралы СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«2016 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған бірқатар шаралар жоспарланып отыр, соның ішінде облыс әкімдігінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 356 қаулысымен әлеуметтік көмектің бірыңғай көлемі қарастырылған. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін 9 мамыр мерекесіне орай 50 АЕК, немесе 106.050 теңге; тұлғалардың басқа категорияларына - 5 АЕК, немесе 10 605 теңге төлеу қарастырылған. Аудан және Петропавл қаласының бюджеттерінен барлығы 39 млн. теңге қарастырылды», - делінген хабарламада. 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалардың тіс протездеуі үшін әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 136 адам көмек алды.

Сондай-ақ соғыс мүгедектері сурдо және тифло техника, шипажайда емдеу, протез-ортопедиялық көмек, қозғалыс құралдарымен жабдықталады.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған азаматтардың барлық категориялары арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алып жатыр. Соғыстың қатысушылары мен мүгедектері - 31 815 теңге, тыл еңбеккерлері - 4 242 теңге көлемінде жәрдемақы алуда.

Соңғы жаңалықтар