СҚО-да ұлттық спорт ойындарының алғашқы фестивалі өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар - 2019» атты ұлттық спорт ойындарының алғашқы фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт күнге шақталған спорт мерекесі Жамбыл ауданының Пресновка елді мекенінде өтті. Фестивальге 13 ауданнан 800-ден астам спортшы қатысты. Олар ұлттық спорт ойындары: көкпар, аударыспақ, жекпе-жек, қазақ күресі - барлығы 14 спорт түрінен өзара мықтыны анықтады.
null

«Ұлттық спорт ойындарының алғашқы фестивалі биыл Жамбыл ауданында өтіп жатыр. Бұл өлкеден жазушы Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, Қожаберген жырау шыққан. Көптеген батырды дүниеге әкелген қасиетті жер. Жалпы, өңірде ұлттық спорт ойындары қарқынды дамып келеді. Былтыр «Тұлпар» ат спорты клубы ашылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен қазақ күресін дамытуды мақсат еткен «Қызылжар арландары» спорт клубы жұмысын бастады. Биыл олар ҚР Кубогының қола жүлдесін жеңіп алды. Солтүстікқазақстандықтар көкпар, бес тас және тағы да басқа ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарыстарда жүлделі орындар алып жүр», - дейді фестивальдің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев.
null

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестивальдің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Жамбыл ауданының спортшылары жеңіп алды. Екінші орынды Ақжар ауданы алса, үшінші мен төртінші орындарды Ғабит Мүсірепов пен Шал ақын аудандарының спортшылары өзара бөлісті.

Ұлттық спорт ойындарының фестивалі келер жылы Шал ақын ауданында өтеді.

null null null null

Соңғы жаңалықтар