+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

СҚО-да ҰБТ-ның бірінші кезеңіне қатысуға қанша өтінім түсті

2020 жылғы 17 қаңтар 22:10
Бөлісіңіз:
СҚО-да ҰБТ-ның бірінші кезеңіне қатысуға қанша өтінім түсті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңінен өтуге 1409 адам тілек білдірсе, оның 24-і студент, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаңтарда Атырау облысынан 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

СҚО-да ҰБТ-ның бірінші кезеңі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында өтіп жатыр. Бірінші күні сынақтан өтуге 480 түлек қатысты. Олардың 180-і тестті қазақ тілінде тапсырса, қалғаны орыс тілін таңдаған. Бұл жолы жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары балл жинаған түлектер жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсе алады. Әзірше жоғары оқу орнына өту балы былтырғы деңгейде қалып отыр. Яғни техникалық, ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсу үшін ең кемінде 50 балл, педагогикалық – 60 және медициналық мамандықтарға - 65 балл жинау қажет.


«Қаңтар айында ҰБТ бірінші кезеңінен өтуге барлығы 1409 оқушы тілек білдірді. Олар мектепті биыл бітіретін түлектер және жоғары оқу орындарының бірінші семестрін оқыған және «уақытша қабылданған» категориясына жататын бірінші курс студенттері.

Бүгін 480 адам тестілеуден өтуі тиіс. Тестілеудің қорытындысы бойынша олардың қаншасының қатыспағанын білетін боламыз. Өйткені ҰБТ-ның бұл кезеңіне жастар өз еркімен қатысады. Тіркеуден өткеннен кейін де себебін түсіндірместен тестілеуге қатысудан бас тартуына болады», - дейді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ирина Голодова.

И.Голодованың айтуынша, биыл СҚО-да 3300 түлек мектеп бітіреді. Олардың әзірше қаншасы тестілеуден өтетіні белгісіз. Өйткені алда ҰБТ-ның әлі екі кезеңі бар. Наурыз айында және грантқа оқуға түсуге мүмкіндік беретін ең негізгісі – маусым айында өтеді.


«Өткен жылдардан байқағанымыз, балалардың басым көпшілігі маусым айында тестілеуден өтеді. Бүгін тестілеуден өтіп жатқандардың 24-і – студент. Жалпы, ҰБТ-ны өту талаптарында еш өзгеріс жоқ. Бірақ сынақтан өтетіндердің рұқсат етілмеген заттарды пайдаланбауы қатаң бақыланады. Олар түрлі гаджеттер, электронды құралдар. Егер бұрын түлектерге ұялы телефондарын ЖОО аумағында қалдыруына рұқсат етілсе, қазір оларды тест тапсыру аймағына өткізген жағдайда түлекке жауапккершілік артылатындығы және қолға түскен жағдайда аудиториядан шығарылатындығы бірден ескертіледі», - дейді Ирина Голодова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT