СҚО-да түрлі деңгейдегі мәслихатқа 193 депутат сайланады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 631 сайлау учаскесінде өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір бойынша мәслихаттарған 193 депутат сайланбақ. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 30 депутат жасақталады. Алайда тұрғындар оның 15-ін ғана сайлайды, яғни мажоритарлық жүйе бойынша, ал қалғаны партиялық тізімдер бойынша сайланады.

Ал Петропавл қаласы мәслихатының 18 депутаты, 13 аудан мәслихаттарының 145 депутаты толықтай мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады.

Тұтастай алғанда, алдағы сайлауда облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласы бойынша 163 депутат сайланады. Осыған орай облыс орталығында - 18, аудандарда 145 округтік сайлау комиссиясы құрылды.

ҚР Парламенті Мәжілісіне де депутат аралас жүйе арқылы сайланады. Мәжіліске 70% партиялық тізіммен, 30 % бірмандаттық округтерден.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша СҚО аумағы №24 бірмандатты сайлау округі болып айқындалған.

Естеріңізге салайық, Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған және соңғы он жыл бойы оның аумағында тұратын азаматы кандидат бола алады. Ал мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған Қазақстанның азаматы кандидат бола алады.


Соңғы жаңалықтар