+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

СҚО-да түрлі деңгейдегі әкімдердің 600-ден астам есептік кездесуі өтеді

2020 жылғы 17 қаңтар 05:17
Бөлісіңіз:
СҚО-да түрлі деңгейдегі әкімдердің 600-ден астам есептік кездесуі өтеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі әкімдердің халықпен есептік кездесулері басталды. Ақпан айының ортасына дейін осындай 600-ден астам кездесу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Полицейлерден үнемі халыққа жанашыр болуды талап етемін - генерал-майор Қайрат Дәлбеков Амандық Баталов жұмыстан қуған шенеунік кетпейтін болды Алматыда 911 қызметтің баламасы пайда болады

Әкімдердің халық алдындағы есебі СҚО-да 15 қаңтар күні басталды. Жылдағы дәстүрге сай ұйымдастырылған есептік кездесулерде алдымен ауылдық округ әкімдері халық алдында атқарылған жұмысты тізіп, жаңа жылдың жоспарымен бөліседі.

СҚО Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ауылдық округ әкімдері - 401, аудан әкімдері мен Петропавл қаласының әкімі 201 кездесу өткізулері тиіс.

Былтыр әкімдер осы шамалас кездесу өткізіп, 47 мыңнан астам адамды қамтыды. Жиынға келген халықтан 2069 өтініш-арыз түсті. Оның 2056 - әлеуметтік, 9 - экономикалық сипатта және 4-уі мемлекеттік қызметті алу бойынша.

Мамандардың сөзіне қарағанда, барлық көтерілген мәселелер ескерусіз қалған жоқ. Мәселен, Петропавл қаласында тұрғындардың аулаларды абаттандыру және балаларға ойын алаңдарын салып беру туралы өтініші аяқсыз қалмады. Нәтижесінде соңғы бірер жылда шамамен 360 ауланың асфальты ауыстырылып, 200-дей ойын алаңқайы бой көтерді. Соңғы үш жылда облыс орталығындағы 42 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қиыршық тас төсеуге ғана 1 млрд теңге жұмсалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT