+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

СҚО-да тұрғындарға орманға баруға тыйым салатын қаулы аптаның соңында күшіне енеді

2021 жылғы 17 мамыр 15:31
Бөлісіңіз:
СҚО-да тұрғындарға орманға баруға тыйым салатын қаулы аптаның соңында күшіне енеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға орманға баруға тыйым салынбақ. Қаулы 22 мамыр күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз үйінде қаза тапты СҚО-да полицей қорғаныс құралдарының үлкен топтамасын жинаған Петропавл әскери институтын биыл Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары да бітіріп шықты

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі Айнар Махметованың айтуынша, жаңа қаулыны қабылдаудағы мақсат – ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Орман өрті салдарынан көрші өңірлерде бірнеше рет адам өлімі тіркелді. Осыған байланысты басқарма қаулыны әзірлеп, облыс әкімі оған қол қойды. Бұл қаулы жеке тұлғаларға қатысты, оларға өрт қаупі жоғары маусымда мемлекеттік орман қоры аумағына баруға тыйым салынады. Шырпыны сөндірмей тастаудың салдарынан қаншама алқап өртенуі мүмкін. Ал орман қалыпқа келуі үшін 50 жыл керек», - дейді Айнар Махметова.

Құжат 22 мамыр күшіне енеді. Қаулының орындалуын мобильді топтар қадағалайды. Құрамында тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметінің мамандары және орманшылар болады.

«Өртке қауіпті маусымда орманға барғандарға 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Әрине ауа райының жағдайы есепке алынады, күн ыстық болса, жел тұрса мобильді топтар рейдке шығып, заңсыз жүргендерді анықтайды», - дейді бөлім жетекшісі.

Жалпы өңірде жыл басынан 12 орман өрті тіркелді. Орман өртінің шығуы бойынша, СҚО республикада 7 орында тұр. Ең көп өрт Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының ормандарында тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT