СҚО-да тұрғындар 16 пунктте коронавирус вакцинасын алады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады. Өңір халқы вакцинаны 16 екпе пунктінде тегін ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екпе пункті Петропавлдағы № 1 қалалық емханада да орналасқан. Ақпан айынан бері бұл жерде 900-ге жуық адамға вакцина егілген. Олар негізінен медицина, полиция қызметкерлері мен мұғалімдер. Енді тұрғындар да келіп, қарсы көрсетілім болмаған жағдайда екпе салдыруына болады.

«Вакцина егілу арқылы сіз коронавирустан толық қорғаласыз деу дұрыс емес. Оған ешкім кепілдік бермейді. Бірақ екпе алғаннан кейін вирус жұқтыратын болсаңыз, ауру жеңіл өтеді. Асқынбайды. Сол себепті тұрғындарды коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырамын. Екпе барлығына тегін егіледі», - дейді Петропавл қалалық № 1 емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Лидия Соколова.

СҚО-да Петропавл тұрғындары екпені қалалық төрт емханада, ал ауылдықтар аудандық орталық ауруханаларда алады. Тек Жамбыл ауданында екпе егу пунктінің саны – екеу.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тұрғындарға вакцина сәуірден бастап егіле бастады. Жалпы СҚО-да 6 391 адам егілді, оның ішінде 2 122 адам вакцинациядан толық өтті.


Соңғы жаңалықтар