СҚО-да тұрғын үйдегі өрттен егде жастағы ер адам ажал құшты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы екі пәтерлі тұрғын үйде болған өрт салдарынан 68 жастағы пәтер иесі ажал құшты. Бұл туралы СҚО ТЖД-інен хабарлаады.

«12 қаңтар күні Петропавлдағы екі пәтерлі тұрғын үйде өрт болып, салдарынан пәтердің 68 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Көршілерінің айтуынша, жалғыз тұратын ер адам үнемі төсегінде жатып темекі шеккен. 2014 жылдың жазында осындай себеппен зейнеткердің төсек-орны үш рет өртенген, көршілері болса, оны сөндіруге талай рет көмектескен», - делінген хабарламада.

Ер адам үйінің ас ішетін бөлмесінде креслоның үстінде отырған күйінде табылды. Ол ішімдік ішкен соң, қолына темекі ұстаған қалпында ұйықтап кеткен деп болжанып отыр. Өртті сөндіруге СҚО ТЖД-інің «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің СПЧ-3, ПЧ-1 күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар