СҚО-да түнде 3 градусқа дейін суытады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жаңбыр жауады арты қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

22 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимад.
22-23 мамырда өңірдің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді
Түнде кей жерлерде үсік 3 градус шамасында болады.
22 мамырда Петропавл қаласында бұршақ жаууы мүмкін.
22-23 мамырда қалада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар