+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

СҚО-да тұмау жұқтырғандар саны өсті

2020 жылғы 24 ақпан 22:30
Бөлісіңіз:
СҚО-да тұмау жұқтырғандар саны өсті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 3% артып, эпидемиялық шектен асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде эпидемиялық маусым басталғалы респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 22,5 мыңнан асып кеткен. Тек соңғы аптада жұқпалы ауруды 2650 адам жұқтырған.

Ал 24 ақпандағы көрсеткіш бойынша тұмауды жұқтырғандар саны 288-ге жетті. Оның 170-і А типті болса, қалғаны В типті. 107 жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар ауырса, 116-сында тұмау екіқабат әйелдерден анықталған.

Респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандардың 69,4% 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды. 8,3% - бір жасқа дейінгі сәбилер, 1% - аяғы ауыр әйелдер ауырған.

Департамент күнделікті ауырған балалар бойынша мониторинг жүргізіп отыр. Бұған дейін вирустық инфекцияның өршуіне байланыста Петропавлдағы бір мектептің және отыздан астам сыныптың карантинге жабылғанын хабарлаған едік .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT