СҚО-да туберкулезден емдеу орнында қайтыс болған азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мүсірепов атындағы туберкулезден емдеу диспансерінде 39 жастағы азамат қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті таратқан ақпараттарға қарағанда, 39 жастағы азаматқа осы мекемеде ем алып жатқан екінші азамат пышақ жарақатын салған. Жарақат алған 39 жастағы азамат көп қан жоғалтуына байланысты көз жұмған.

40 жастағы күдіктіге қатысты 2 айға дейін қамауда ұстау жөнінде сот санкциясымен шара қабылданған.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеу реестрінің тізміне «Біреудің денсаулығына қасқана ауыр жарақат салу» бабымен енгізілген. Осы уақытта істі жан-жақты қарап, объективті шешім шығару үшін бірқатар сараптама да тағайындалды»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар