СҚО-да трактордың үстіне бетон плита құлады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат-Тайынша қаласының құқарушылары трактордың кабинасында бетонды тақталарға қысылып қалған жүргізушіні алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қансыраған 60 жастағы ер адамды аман алып қалу үшін құтқарушылардың санаулы ғана минуттары болған.

«Жұмыс істеу кезінде астық қоймасы жабынының бетон тірегі құлап, тиегіштің кабинасына екі темір-бетон плитасы құлаған. Беті мен денесі қатты жарақаттанған жүргізуші шатыр мен бағананың арасына қысылып қалған. Мұндай жағдайда жылдам әрекет еткен абзал», - деді баспасөз қызметіндегілер.

null

Қарауыл бастығы Андрей Витченко басқарған өрт сөндіруші-құтқарушылар Марат Таңатқан, Олег Солодко және ТЖ бойынша бөлімнің инженері Тимур Шәймерденов шарқайрақпен ақырын ғана басқару бағанасын кесіп, есеңгіреп қалған жүргізушіні кабинадан алып шықты.

Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен ер адамға оқиға орнында дереу көмек көрсетіп, Тайынша орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізді. Науқас дәрігерлердің үздіксіз бақылауында, жағдайы бірқалыпты.

null

Соңғы жаңалықтар